🟣Мектеп, білім, ұстаз деген ұлы сөздер бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл сөздердің құдіретін ұға білу де парыз. Дана халқымыз “дарын жанып тұрған жалын” – дегендей, әр оқушыда талант, қабілет болары сөзсіз. Шоқтығы биік білімді де дарынды шәкірттерімен танымал, облыс орталығындағы озық мектептердің бірі – Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы.
⚜️4 қараша күні осы білім ордасында «Куратор қызметте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» атты тақырыпта қалалық семинар оздырылды. Семинар мақсаты: Мектептегі тәрбие жүйесінде кураторлық жұмысты ұйымдастыра отырып, іс- тәжірибелермен бөлісу. Кураторлық қызметті бастағалы отырған, қала мектептеріндегі тәрбие жұмысының жандануына, ықпалы зор семинар өз мақсатына жетті. Семинар барысында «Карусель» әдісі бойынша өткізілген іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. «Кураторлық қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздері», «Кураторлар қызметтегі жобалық жұмыстар», «Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері», «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығын ұйымдастырудың тиімділігі, «Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруда өткізілетін тренинг, тембилдинг түрлері» атты аялдамаларда, өз тәжірибиелерімен бөліскен, мектептің мықты да креативті кураторлары Б.Э.Джуламанова, Г.А.Мамбетиярова, Б.А. Шайдулова, Г.Ө. Сейтен, А.Қ.Талапова, Б.Т.Артыгалиев. Қадыржанова А.А. Шиганбаев Е. Ө. “Мектеп өміріне- виртуалды саяхат” аялдамасында, әріптестер заман талабына сай қабырғадағы QR код арқылы виртуалды мұражайдан мектеп тыныс-тіршілігімен танысып көріп, тамашалап, тәнті болды. Семинардың қорытынды бөлімінде QR код арқылы ұялы телефондарымен әр мұғалім, кері байланыс жасап, семинар барысында алған әсерлерімен бөлісті. Семинарды жоспарлап, заман талабына сай өткізген мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Э.Н. Мырзашева, Қ.Х Темирбаева. Жоғары деңгейдегі семинарды өткізген ұжым мүшелеріне, №30, 10, 12, 6, 26, 38, 42-мектептің мұғалімдері, қатты риза болып, өз қоржындарына құнды ақпарат алғандарын айтып, болашақта тағы осындай семинар өткізуін сұрады. “Тәрбиемен берілген білім-өлшеуі жоқ қазына” - демекші, қазынамыз мол және тәрбиелі де саналы білімді ұрпағымыз аман болсын.
#кураторлардың_қалалық_семинары Орал Қаласының Білім Бөлімі #БҚО #Орал_қаласы #44_мектеп_гимназиясы @bqobilim @batys_kz @uralskakimat @oral_bilim @abat_shynybekov @yerlan__galiev @aigulmynbayeva