🔗Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ? Байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ: «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауатты өмір салтын ұстану. Тіршіліктің негізі де – салауатты болашақта. 📍Мектебімізде педагог-куратор Е.С.Бимұхановтың ұйымдастыруымен нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Салауатты өмір салты – сенің таңдауың!» атты іс-шара өтті. Іс-шараға арнайы қонақтар шақырылды. Талғат Мықи – Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық өнер мен мәдениет орталығының қызметкері, белгілі айтыс ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көптеген хит әндердің авторы. Бисенғалиев Айнабек Сағындықұлы – Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық өнер мен мәдениет орталығының қызметкері, белгілі айтыс ақыны, республикалық ақындар айтысының жүлдегері. Шара барысында “Менің таңдауым” бейнебаяны көрсетіліп, қонақтарымыз салауатты өмір хақы төңірегіндегі әңгімелерді өрбітіп, оқушылардың алдында өлеңдер оқыды. Оқушылар тарапынан толғантқан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар қайтарылды. Мектеп кітапханашылары салауатты өмір салтын ұстану мақсатында дайындаған көрмеге шолу жасады. Шара соңында қонақтарға алғыс білдірілді. Осындай тәрбиелік мәні зор шараларымыз өз жалғасын таба берсін!