Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен мектеп-гимназиямыздың оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында спикер мамандар түрлі бағытта консультациялық кеңес берді. ✔️Теолог маман Әсет Рахманқұлов жастардың теріс ағымнан аулақ болуы мен адамгершілік құндылығын дәріптеді. ✔️”Отбасы” орталығының психолог маманы Индира Шүкірбаева пайдалы мәліметтермен бөлісіп, өмірге өзек болар тағылымды тақырыптар бойынша сөз қозғады. ✔️”Консультациялық бөлімінің” бас маманы Айгерім Өмірбекқызы “Орал жастары” жұмысы туралы таныстырып, жастар арасындағы негізгі мәселелерге тоқталды. Пайдалы кеңестерімен бөліскен спикер мамандарымызға ризашылығымызды білдіреміз!