Орал қаласының білім беру бөлімі ұйымдастыруымен 2021 жылдың 12 қазан күні Оқушылар сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне арналған “Тәуелсіз елдің ұланымын” атты 9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық пікірсайыс турнирінің қалалық іріктеу кезеңі өткен болатын. Осы пікірсайыс турниріне мектебіміздің «Кемел фракциясы» белсенді қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды. Сонымен бірге “Саңлақ” фракциясы да қатысып, үздік ойын көрсетті. ✍️Қаралған қарарлар: БП: Мектеп бағдарламасында жоғарғы сыныптар үшін маңыздылығы аз пәндерді алып тастау керек деп есептейді. БП: Қазақстан жастарының мемлекет алдындағы моральдық міндеттемелері бар деп санайды. БП: Тәуелсіздіктің үздік жетістігін көрсетеді. БП: Мектеп оқушыларының шетелдік трендттерді меңгеруі ақталады деп есептейді. БП: Мамандық таңдау жолында ата-ананың қалауын бірінші орынға қою керек деп есептейді. БП: Мектеп оқушыларын жасына емес академиялық қабілеттеріне қарай бөліп оқытуды қолдайды. БП: Білім беру жүйесіндегі ер педагогтердің үлесін арттыру керек. 👩🏻🏫Жетекшісі: Жас маман - Алтынай Қосыбайқызы. 💐Келешектерің кемел, болашақтарың нұрлы болсын! #Пікірсайыс_турнир_Кемел_фракциясы #БҚО #Орал_қаласы #44_мектеп_гимназиясы @bqobilim @batys_kz @uralskakimat @oral_bilim @abat_shynybekov @yerlan__galiev @aigulmynbayeva @oral_ovp @up_uralsk @oralzhasulan @cvr_uralsk