2021 жылдың 7 қазан күні Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиямызда балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында “Жаман әдеттерден аулақ болайық” атты ер балаларға арналған жиналыс өткізілді. 🔰Жиналысқа нарколог-дәрігер Сатқанов Нурлан Фатихуллиевич, мектеп инспекторы Мухитова Венера Биржановна, Орал қалалық емхананың дәрігері Байгудиев Асхат Айболатұлы қатысып, құқықтық сауаттылықты арттыру, қылмысты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын алу, оның ішінде жастар арасында өзекті мәселеге айналған электронды темекінің адам денсаулығына әсері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар ұлдардың бос уақытын тиімді пайдалану, әлеуметтік желілерді пайдаланудағы туындайтын қауіпті жақтары мен бопсалау іс-әрекеттерінің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.