Бүгін Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиямызда “Заманауи мектеп, заманауи қоғам” жобасы аясында мектеп тренері, “Көшбасшы мұғалім” тобының жетекшісі Г.Г.Капанованың ұйымдастыруымен “Сабақты зерттеудің қадамдары" атты мұғалімдерге арналған оқыту семинары оздырылды. 🔸Мақсаты: Мұғалімдердің сабақты зерттеу қадамдарының мәнін түсініп, әр қадамның сценарийін жоспарлауы. Семинар барысында Г.Г. Капанова сабақты зерттеу әдісінің мақсаттары, әр қадамды жоспарлау, өткізу кезінде назарға алыну керек мәселелермен таныстырды. Оқыту семинары барысында қатысушылар сабақты зерттеу қадамдарының сценарийін құрып, қойылым түрінде демонстрациялады. Өзара пікір алмасып, ой бөлісті.