КГУ "Школа-гимназия
№44
имени Динмухамеда Кунаева"

    

Меню

​173 МҰҒАЛІМ 2021 ЖЫЛДЫҢ «ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» АТАҒЫНА ҮМІТКЕР

Бүгінгі таңда республикалық комиссия үздіктерді таңдау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Кәсіби мереке қарсаңында еліміздің елуден астам мұғалімі «Үздік педагог» атағына ие болады. ???Ауқымды байқауға қатысушылар арасында 132 мектепке дейінгі және орта білім беру, 41 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының педагогтері бар. Олардың барлығы аудандық, қалалық және облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша ұсынылды. ?«Өткен жылдан бастап конкурсқа қатысу үшін өтінімдер, материалдар электрондық форматта қабылданады. «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар мұғалімдер үміткер бола алады. Конкурс шеңберінде педагогтің білім беруді дамытуға қосқан үлесі, педагог қызметінің нәтижелілігі және оның кәсіби шеберлігі ескерілетін болады», — деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова. ???Республикалық конкурстық комиссияның қазылар алқасының құрамына қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымдастығының, «Атамекен» ҰКП өкілдері, журналистер, белсенді педагогтер, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілдері және тағы басқалар кірді. ???Айта кетейік, «Үздік педагог» республикалық байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде конкурс аясында 500-ге жуық мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының педагогі марапатталды. ???«Үздік педагог» атағының иегерлері төсбелгі мен 3 млн теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйақы алады. ???Республикалық марапаттан басқа, «Педагог мәртебесі туралы» Заң шеңберінде әкімдіктер біржолғы ақшалай төлемдері бар жергілікті наградаларды тағайындады. Мысалы, Павлодар облысында облыстық байқаудың жеңімпаздары 300 АЕК мөлшеріндегі сыйақыға ие болды. Шығыс Қазақстан облысында жергілікті бюджет қаражатынан 800 мың теңгеден астам сыйақы табыс етілді. Басқа да өңірлерде үздік мұғалімдер 300 АЕК көлемінде біржолғы ақшалай сыйақы алды.

Государственные символы

Блог директора

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Рады приветствовать вас
в моем блоге!

Перейти в блог

Администрация

Акдаулетова Кымбат Хабибулловна

12-03-2019 Hits:180863 Администрация Super User

Акдаулетова Кымбат Хабибулловна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:186050 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
Директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Нургазиев Артур Нурболатович

12-03-2019 Hits:97954 Администрация editors

Нургазиев Артур Нурболатович 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Мамыр Абай Рахматуллаевич

15-03-2021 Hits:167389 Администрация editors

Мамыр Абай Рахматуллаевич
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2022 Hits:96179 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:189499 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:97959 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:96242 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Койшиева Молдир Дулатовна

24-04-2026 Hits:8693 Администрация editors

Койшиева Молдир Дулатовна

Директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

Read more

Школьная форма

Разработчик Torus.kz