Қыркүйек айының 25-і күні Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында психолог маман Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызының ұйымдастыруымен “Жас маман, алға бас қадам!” атты жас мамандарға арналған семинар-тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты: ?тренингке қатысушы жас мамандармен танысу; ?жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу; ?жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау; ?қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру. ?Семинар-тренинг жас мамандардың “Танысу сәтімен” басталды. Жас мамандар топқа бөлініп, бірігіп жұмыс жасап, әр топ жағдаяттан жол тауып шығатын ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Келесі жұмыс арт-терапиямен жалғасын тауып, жас мамандарға “Сіз қандай мұғалімсіз?” жалпы диагностикалық психогеометриялық тест жүргізіліп, тренинг сергіту сәтімен “Жас мамандар” әнұранымен аяқталды. ?Тренинг соңында жас мамандар мектеп психологі Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызына алғыстарын білдіріп, ерекше әсермен, керемет көңіл-күймен тарқасты. ??Бүгінгі жас маман – ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын, олардан үлгі алатын, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын тұлға. Сондықтан, сіздерге тек сәттілік тілейміз!














