Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында «Жаңашыл мектепке Жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің мектепішілік байқауы өтті.
Мақсаты:
-талантты жас педагогтерді анықтау;
-жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру;
-инновациялық белсенділіктерін дамыту.
Байқау 2 кезеңге жоспарланды: бірінші кезеңде байқау қатысушылары 26-29 күндері ашық сабақтар берді. Сәуір айының 30-күні байқаудың екінші кезеңі - «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында педагогикалық идея ұсыну кезеңі TEDX форматында өтті. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей жүлделі орындар мен номинациялармен марапатталды:
І орын - Қанатқали Гүлім Азаматқызы
II орын - Қабдулқай Арухан Аманжолқызы
II орын - Саматова Райгул Саматовна
III орын - Басерова Айдана Талғатқызы
III орын - Мұхтар Әділ Ришатұлы
III орын - Жалмұхан Жұлдыз Аманқосқызы
«Үздік координатор» номинациясы - Абдулла Айдана Дүйсенбайқызы
«Креативті жас маман» номинациясы - Койшекенова Жұлдызай Сұңғатқызы
«Талапшыл жас маман» номинациясы - Умирзаков Ернар Кенжегереевич
«IT Құзіретті жас маман» номинациясы - Зайнуллина Назгуль Сагатоллиевна
«Шығармашыл жас маман» номинациясы - Есентемір Гулден Жасуланқызы
Барша қатысушы жас мамандарға алғыс білдіреміз.