? Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 27 мамыр күні сағат 18:00-де zoom платформасы арқылы педагогикалық кеңес өтті.
? Педагогикалық кеңестің бірінші мәселесі бойынша мектеп басшысы Б.С.Тлекенова ұжым мүшелеріне білім саласындағы түрлі өзгерістерді және "жазғы мектеп" жұмысының сапалы жүргізілуі туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.
? Педагогикалық кеңестің екінші мәселесі бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Нурекешова 2020-2021 оқу жылындағы жазғы мектепті жүргізудегі ескертпелермен және 9, 11-сыныптардағы қорытынды аттестаттау бойынша ақпараттармен бөлісті.
? Ағымдағы мәселелер бойынша мектеп басшысы Б.С.Тлекенова мұғалімдерді жоғары деңгейде жұмыстануға шақырып, педагогикалық кеңесті қорытындылады.















