Пәні: Бейнелеу өнері
Сыныбы: 5з-сынып
Өткен күні:20.10.2025ж
Сабақтың тақырыбы: Пластикалық пішіндер өнері. Мүсін өнері
Сабақ түрі: Ашық сабақ, практикалық жұмыс
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, практикалық жұмыс, шығармашылық тапсырма
Көрнекіліктер: Мүсін өнері үлгілерінің суреттері,ермексаз (пластилин), тақта, иллюстрациялар
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға мүсін өнері туралы түсінік беру, пластикалық пішіндердің ерекшеліктерін таныту және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың міндеттері:
- Мүсін өнерінің түрлерімен (дөңгелек мүсін, рельеф) таныстыру;
- Пластикалық пішіннің көлемін, формасын сезінуге үйрету;
- Ермексазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
- Оқушылардың эстетикалық талғамын, қиялын және қол моторикасын дамыту.
Сабақтың барысы:
Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталып, өткен тақырыпқа қысқаша шолу жасалды. Жаңа тақырып бойынша мүсін өнерінің шығу тарихы, оның бейнелеу өнеріндегі орны түсіндірілді. Көрнекі құралдар арқылы мүсіннің түрлері көрсетіліп, талдау жүргізілді.
Практикалық бөлімде оқушылар ермексазды пайдаланып қарапайым мүсін пішіндерін жасап көрді. Оқушылар өз жұмыстарын қорғап, ой бөлісті. Сабақ соңында қорытынды жасалып, оқушылардың жұмыстары бағаланды.
Сабақтың нәтижесі:
Сабақ барысында оқушылар мүсін өнері туралы білім алды, пластикалық пішіндермен жұмыс істеуді үйренді. Олардың шығармашылық белсенділігі артты, өз ойларын еркін жеткізе алды. Ашық сабақ өз мақсатына жетті.
Пән мұғалімі: Нургазиев А.Н















