КГУ "Школа-гимназия
№44
имени Динмухамеда Кунаева"

    

Меню

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиямыздың жан-жақты оқушылары кезекті жетістіктерімен қуантты. 

”Жас жол инспекторы” қалалық слетіне мектеп-гимназиямыздан “Бағдаршам” командасы қатысып, жүлделі 1 орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді. 

Орал қаласында “Гауhар жолы” ҚБ қолдауымен, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Орал қаласы білім бөлімінің “Оқушылар сарайы” МКҚК ұйымдастыруымен, 20-25 қыркүйек аралығында ЖЖИ слеті өткізілді. “БҚО қауіпсіз жолдары” жобасы аясындағы ЖЖИ слетіне қала мектептерінің 7-8 сынып оқушыларынан құралған 42 команда қатысты. 

Слеттің мақсаты - жол қозғалысының заңға бағынатын қатысушыларын тәрбиелеу, балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу, оқушылардың салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыру. 

”Бағдаршам” командасы бес кезеңді сайыста бақ сынады. Атап айтсақ, “Дайын бол” саптық дайындық байқауы, “Абайлаңыз, велосипедші” жол қозғалысы ережелері бойынша велосипедшілердің интерактивті байқауынан өтіп, «Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері» кезеңінде жаяу жүргінші мен велосипедшінің жол қозғалысы ережелері бойынша тест тапсырды. Сонымен қатар команда капитаны «Жол білгірлері» сайысынан өтті. «Егер Біз болмасақ, кім?» тақырыбында әлеуметтік эксперименттік ролик түсірді. “Бағдаршам” командасы уақыттың тапшылығына қарамастан бар білгендерін көрсетіп, мектеп намысын абыроймен қорғады. 

Топ жарып, гимназиямыздың мерейін асқақтатқан оқушылар мен дайындаған жетекші ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жүлделі орындарды қанжығаларына байлап, биіктен көріне берулеріңізге тілектеспіз!

Жарайсыздар!!!

Государственные символы

Блог директора

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Рады приветствовать вас
в моем блоге!

Перейти в блог

Администрация

Зулкашева Шынар Мулкаевна

12-03-2019 Hits:114989 Администрация Super User

Зулкашева Шынар Мулкаевна
Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:113357 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы

12-03-2019 Hits:114310 Администрация Super User

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы
директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы

12-03-2019 Hits:22903 Администрация editors

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Закиева Гулдана Умирзаковна

15-03-2021 Hits:103256 Администрация editors

Закиева Гулдана Умирзаковна
Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:115846 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:23339 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Шиганбаев Ерекен Умирзакович

29-09-2023 Hits:23018 Администрация editors

Шиганбаев Ерекен Умирзакович
Тәлімгер

 

Read more

Байдашева Нургул Болатовна

29-09-2023 Hits:23346 Администрация editors

Байдашева Нургул Болатовна
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2023 Hits:23051 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:23165 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Школьная форма

Разработчик Torus.kz