Орал қаласының білім беру бөлімінің Мектептен тыс жұмыс орталығы ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілді мектеп оқушылары арасында 2021 жылдың 22 қыркүйек күні “Тіл - достықтың тірегі” атты шығармашылық фестивалі оздырылған болатын.
Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясынан 7”Е” сынып оқушысы Шишов Вадим қатысып, қазақ тілінде өзін таныстырып, көркем сөз оқып, өз шығармашылығынан ән айтып, үздік өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!
Мектеп-гимназиямызда білімді де өнерлі оқушылардың қатары көбейіп, алар асулары биік болғай!