Д.А Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында 30 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған еліміздің нағыз патриоттарын дайындап, білімге құштар, ұлттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыратын көптеген іс-шаралар өткізілді. Республикалық бірыңғай Жас ұлан,Жасқыран қатарына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны 2 сыныптарда дәстүрлі түрде, ал жоғары сыныптарда онлайн түрде өткізілген болатын.
Нәтижесінде Республикалық Жасұлан ұйымына - 161 оқушы, Жасқыран ұйымына – 203 оқушы қабылданды. Мектеп директоры Тлекенова Б.С және тәлімгер Шиганбаев Е.Ө құттықтау сөз сөйлеп, сертификаттар табыстады.