Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 2024-2025 оқу жылында Мамыр - «Бірлік пен ынтымақ» айында «Аналар күніне орай» 8-сынып оқушыларына тыл ардагері Успанова Нұрлықыз Құсайынқызымен кездесу кеші өткізілді.
🟣Успанова Нұрлықыз Құсайынқызының марапаттары:
- СССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Шешімімен 1989 жылы 28 сәуірде «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» медалімен марапатталған;
- Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 2002 жылғы 28 мамырда «КҮМІС АЛҚА» алқасымен марапатталған;
- Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 2010 жылы 10 қыркүйекте «АЛТЫН АЛҚА» алқасымен марапатталған;
- Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 2025 жылы 28 сәуірде «ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ» мерекелік медалымен марапатталды.
🟣Кездесудің мақсаты:
оқушыларға патриоттық тәрбие беру, тарихи сананы қалыптастыру, ардагердің ерлік жолын үлгі ете отырып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Ардагердің өмірлік тәжірибесі мен естеліктері арқылы жас ұрпақтың ел тыныштығы мен бейбітшіліктің маңызын түсінуіне ықпал ету.
🟣Кездесу барысында ардагер оқушыларға тарихи кезеңдерден сыр шертіп, естеліктерімен бөлісті. Шара оқушылардың үлкен қызығушылығын туғызды және олар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, ашық диалог орнады.