Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 2024-2025 оқу жылында Наурыз айында «Наурызнама» онкүндігінің жоспарына сәйкес 17 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» өтті. Мәдениет және ұлттық салт дәстүр күні – бұл ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлерді және халық шығармашылығын насихаттауға арналған маңызды мереке. Бұл күн халықтың мәдени мұрасын сақтау, ұлттық бірлікті нығайту, және жастарға өз мәдениетін таныту мақсатында өткізіледі.
Мұндай мерекелердің басты мақсаты – халықтың мәдениетіне деген сүйіспеншілікті арттыру, дәстүрлерді жаңғырту және ұлттық бірегейлікті сақтау.