Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 2024-2025 оқу жылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Заң және Тәртіп» құндылығын дәріптеу мақсатында Қаңтар - «Заң және тәртіп» айының 6-ы күні 1-11 сынып жетекшілер үшін «Құндылыққа қадам-сынып жетекшіден» атты оқыту семинарын ДТІЖО Қ.Х.Темирбаева өткізді.
Мақсаты:
-мұғалімнің оқушылармен байланысын нығайту және тәрбие процесінде құндылықтарға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану;
-әрбір оқушының жеке қабілеттерін ескере отырып, оның ішкі әлемін байыту және өзін- өзі жетілдіруге мүмкіндік беру.














