Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 2024-2025 оқу жылында “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде «Бірлік және ынтымақ» құндылығын дәріптеу мақсатында Желтоқсан - «Бірлік және ынтымақ» айының 11-күні 2-сыныптар арасында «Тәуелсіздік – тірегім» көркемсөз байқауы өтті.
Мақсаты:
-оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге тәрбиелеу;
-оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру;
-өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Байқау қорытындысы бойынша оқушылар төмендегідей жүлделі орындармен марапатталды:
І орын – 2 «Ж» сынып оқушысы Досжан Арухан
ІІ орын – 2 «Ж» сынып оқушысы Темірхан Арлан
ІІ орын – 2 «А» сынып оқушысы Анарбек Зейін
ІІІ орын – 2 «З» сынып оқушысы Маулет Назерке
ІІІ орын – 2 «З» сынып оқушысы Джасталап Мирас
«Көркем сөз шебері» номинациясы – 2 «Е» сынып оқушысы Фархатұлы Беделхан
«Үздік оқу шебері» номинациясы - 2 «Е» сынып оқушысы Тілекқызы Амина
«Озық тілдің сөз шебері» номинациясы - 2 «А» сынып оқушысы Бақытжан Айша