Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 2024-2025 оқу жылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Әділдік және жауапкершілік» құндылығын дәріптеу мақсатында Қараша - «Әділдік және жауапкершілік» айының 25-і күні 10-сынып оқушылары «Закладка» деректі фильмін көрді.
Мақсаты:
-оқушыларға есірткі мәселесінің қауіптілігін түсіндіру;
-заңсыз әрекеттердің салдары туралы ақпарат беру.
Фильмнің негізгі мазмұны есірткі саудасы, оның жастарға әсері және заңсыз әрекеттердің салдарын ашып көрсетуге бағытталған. Фильмнен кейін оқушылармен диалог ұйымдастырылды.