Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 2023-2024 оқу жылында "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" негізінде «Ар-ұят» құндылығын дәріптеу мақсатында Мамыр – «Бейбітшілік пен татулық», «Достық» айының 31-і күні тарих бірлестігінің жетекшісі Сисенова А.С.-ның ұйымдастыруымен “Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу” күніне арналған тағылымдық кеш өткізілді.
Мақсаты:
-тоталитарлық жүйенің құрбаны болған адамдарға адамгершілікпен қарап,оларға тағзым ету;
-жастардың бойында патриоттық сананы,белсенді азаматтың ұстанымды қалыптастыру.
Шара барысында тарих пәні мұғалімі, педагог-шебер, «Үздік педагог-2022» конкурсының жеңімпазы, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Саид Зохрабович Алиев сөз сөйлеп, «31 мамыр - саяси қуғын сүргін құрбандарының еске алу» күнінің маңыздылығына тоқталды. Кейін аудиторияға осы тақырып бойынша бейнебаян көрсетілді. Кері байланыс тұсында ұстаздар құнды ақпараттың берілгеніне, тағылымы зор кештің жоғары деңгейде өткеніне ризашылықтарын білдірді.
Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бейбіт заман болсын!