Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 2023-2024 оқу жылының 30 сәуір күні әдістемелік әрі психологиялық қолдау көрсету мақсатында сынып жетекшілер мен кураторларға “Эмоционалды интеллект: эмоцияны басқару әдістері мен тетіктері” атты оқыту семинары өткізілді.
Мақсаты:
- эмоционалды интеллектіні дамытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;
- эмоционалды интеллектіні дамытуға бағытталған жұмыстардың тиімділігін тәжірибеде тексеру.
Семинар барысында мектеп-гимназия педагог-психологі Баян Айболат Ерболатұлы іс-тәжірибесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдаланып, нейрожаттығу, метафоралық ассоциативті карталармен жұмыс жасап, практикум көрсетті.