Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 2023-2024 оқу жылында “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде “АР-ҰЯТ” құндылығы аясында Наурыз -“Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу”, “Ризашылық” айында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай “Ана-гүл, ана - жыр, ана - өмір шырағы” тақырыбында 6 наурыз күні 5 “А,Б,В,Г” сынып оқушыларының аналары ашық тәрбие сағатына мектеп қабырғасына қонақ ретінде шақырылған болатын.
Мақсаты:
-аналарымызды шын жүректен құттықтау;
-оқушы мен ата-ана арасын тығыз байланыстыру;
-бала бойына мейірімділік қасиетті ана жылулығы арқылы дарыту.
Сыныптан тыс шарада креативті түрде оқушылардың және аналардың алдарына қызықты сұрақтар беріліп, оқушылар белсенді қатысып, ерекше қызығушылықпен ойларын ашық білдірді.
Сыныптан тыс шара арқылы оқушылардың аналарына деген құрметі, сезімдері жоғары деңгейде ашылып анық көрінді және барлық сұрақтарға керемет жауаптар алынды.
Ашық тәрбие сағаты кезінде аналар психологиялық тренингтерге белсенді қатысып өз пікірлерімен ашық бөлісті. Арт-терапия ана мен бала арасын одан сайын жақындастыра түсті. Өте әсерлі, мағыналы іс-шара болды. Ашық тәрбие сағаты соңында керемет караоке әнімен аяқталып, кері байланыс барлық аналар мен оқушылардан алынды.