🔺2023 жылдың 6 қазанында БҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандар арасында жол-көлік оқиғалары бойынша құқықбұзушылықтарды алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және Полиция департаменті өкілдерінің, аудандық, қалалық және облыстық білім беру мекемелері басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Батыс Қазақстан облысы Кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ешпанова Жанар Баймұратқызы ҚР «Жол жүру ережелері» заңына ҚР Ішкі істер министрінің 31.08.2023 № 671 бұйрығымен өзгерістер еңгізілгенін жеткізді. Соның ішінде мопедтердің, электр самокаттардың, велосипедтердің, шағын электр көлік құралдарының жүруіне қойылатын қосымша талаптармен таныстырды.
Он сегіз жасқа толмаған электр самокат жүргізушілердің жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен жүруіне жол берілмейтінін атап өтті.
БҚО Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Сұлтанғалиев Ернар Тимурұлы мопедтер, электр самокаттар, велосипедтер пайдаланушылардың жол жүру ережелерін бұзу салдарынан орын алған жол-көлік оқиғалары статистикасын ортаға салып, ата-аналарды еліміздің заңнамасымен белгіленген өз жауапкершілігі туралы хабардар болуға шықырды.
Семинар-кеңес соңында білім басқармасының бөлім басшысы Сулейменова Фарида Ахмадиқызы білім беру мекемелері басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына аталған жол жүру ережелері саласындағы заң нормаларына енгізілген өзгерістерді әрбір ата-ана мен кәмелетке толмағандарға кеңінен жеткізуді, сондай-ақ білім беру мекемелерін қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етуді тапсырды.