Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 5-8 сәуір күндері аралығында 2020-2021 оқу жылындағы 3-тоқсан қорытындысы бойынша 1-11-сыныптарда "Бала бойындағы теріс өзгерістерге қалай тосқауыл қоямыз?" тақырыбында zoom платформасы арқылы бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді.
🖥 Ата-аналар жиналысында бала бойындағы теріс өзгерістер пікір-талас түрінде қаралып, қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып отырған жыныстық қолсұғушылық пен зорлық-зомбылық туралы психологтың жадынамасы таратылып, ата-аналарға толық, әр пайдалы мағлұматтар беріліп, 3-тоқсан қорытындысы бойынша есеп берілді.