Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 2024-2025 оқу жылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Әділдік және жауапкершілік» құндылығын дәріптеу мақсатында Қараша - «Әділдік және жауапкершілік» айының 21-і күні «Даналық мектебі» аясында 5-сынып оқушыларына «Өмір өзі тудырған ертегіден артық ертегі жоқ» тақырыбында танымдық сағат өтті.
Мақсаты:
-жастарға әжелердің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестерін үлгі ете отырып, ұлттық құндылықтарды, әдет-ғұрыптарды, ата-баба дәстүрлерін сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу;
-жастардың моральдық және рухани дамуын қолдап, оларды өмірде дұрыс жолды таңдай білуге баулу.
Танымдық тәрбие сағаты барысында әжелер – тек отбасының емес, бүтін бір ұлттың алтын қазынасы екендігін түсіндіру мақсатында олардың өмір жолы мен тәрбиелік әдіс-тәсілдері жайында сөз қозғалды. Оқушылар әжелерге өз сұрақтарын қойып, олардан өмірлік кеңестер алды. Шара әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін бағалауға мүмкіндік берді.