? Орал қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік жастар күніне орай жас мамандар апталығы аясында дебат жетекшілеріне арналған семинар-тренингі оздырылды. ?
? Семинар мақсаты: пікірсайыс мәдениетін кеңінен насихаттау.
? Семинар үш кезеңді қамтыды. Үшінші кезең бойынша дебат жетекшілері арасында пікірсайыс турнирі оздырылды. Шараға Орал қаласының 23 мектебі қатысып, турнир қорытындысы бойынша
1-ОРЫНДЫ және “ҮЗДІК СПИКЕР” аталымына Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының дебат жетекшісі Бақытжанова Алтынай ие болды. ???
? Алтынай Қосыбайқызын шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт тілейміз.















