?XXI дәстүрлі карате спортынан әлем чемпионаты спортшыларымыз үшін табысты болды.
Әлем чемпионаты Македония елінің астанасы Скопье қаласында өтті. Оған әлемнің 30 дан астам елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысып бақтарын сынады.
??Чемпионатта Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия оқушысы Абылай Өтеулі жекелей сында фуку-го және кумитэ бойынша екі медальға (бір алтын, бір қола) қол жеткізді.
?ЭБМГ мұғалімі Батырхан Мерекеев қола медаль иеленді.
?Екі спортшының жетекшісі, Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия мұғалімі Тарас Қуанғалиев ардагерлер арасында (45-49 жас) чемпион атанды.














