♻️ Батыс Қазақстан білім басқармасының ұйымдастыруымен оқу сауаттылығын арттыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша мектеп кітапханасында көптеген шаралар өткізіліп келеді. Сондай шаралардың бірі Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестін талдау.
🔰 Таңдалған кітап бойынша балаларға алдын-ала оқу ұсынылып, кейін 4 «В», 4 «Г» сынып оқушыларымен әдебиетшілер сайысы өткізілді. Сайыс бірнеше кезеңге бөлінді. Сайыс барысында оқушыларға квест түрінде сұрақтар жасырылып, оқушылардан қанағаттанарлық жауаптар алынды.
♻️ Шара барысында жалпы оқушылардың кітап оқуға деген ынталары ашыла түскендері байқалып, шара соңында сайыстан алған әсерлерімен «Пікір ағашы» деп аталатын тақтайшаға өз пікірлерін ілді.
Жауаты: Құрманова А., Меңдіғұлова С.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы @edu_news_qz @bqobilim @batys_kz @uralskakimat @oral_bilim @abat_shynybekov @oral_ovp @up_uralsk