🟠 Қазіргі таңда қашықтан оқыту – заман талабы. Алайда бұл үрдіс білім деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтырмай ма деген сауал еріксіз ойға келетіні жасырын емес.
🔴 Білім және ғылым министрінің өзі қашықтан оқыған балалардың біліміндегі олқылықтарды биылғы және келер оқу жылында толықтыруды жоспарлап, соған сәйкес Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясы көктемгі демалыс кезінде барлық 6-11 сынып оқушыларына 25-30 наурыз аралығында негізгі пәндер бойынша қосымша сабақтар (қазақ тілі, әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, математика, биология, география, физика, химия) қойған болатын.
🟣 2020-2021 оқу жылында ұжым мүшелері қаладағы жаңашылдыққа жаны құмар ұжым ретінде қашықтан оқыту кезінде бір адамдай жұмылып, мұғалімдермен тәжірибе алмаса отырып түрлі оқыту семинарларына қатысып, IT - құзіреттіліктерінің жоғары екендігін көрсетті, сондай-ақ ұжымда кәсіби және тұлғалық өсу бар екендігі байқалды.
🔵 Осы орайда Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 31 наурыз күні сағат 10:00-де «Қашықтан оқытудан оқытудың дәстүрлі тәсіліне көшу: қиындықтар мен жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында Zoom, You tube платформалары арқылы педагогикалық кеңес өтті.
🟢 Мақсаты: Қазіргі білім беру жүйесіндегі оқытудың форматтарын талдау, тәжірибе алмасу арқылы алдағы жұмыс бағытын айқындау.
🟠 Педагогикалық кеңестің теориялық бөлімінде директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Л.С.Дюсенбаеваның ұйымдастыруымен топтық жұмыстар өткізілді. Zoom платформасы арқылы сессиялық 5 топқа бөлініп, топтарға келесідей тапсырмалар берілді:
➡️ 1-топ: "Қашықтан оқытудан дәстүрлі оқытуға көшкенде мұғалімдер алдында қандай мүмкіндіктер мен қиындықтар туындауы мүмкін?" SWOT талдау;
➡️ 2-топ: "Оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын қалай оятамыз?" «Кластер» әдісі;
➡️ 3-топ: "Мұғалімдердің өз білімдерін жетілдіру үшін жадынама ұсыну";
➡️ 4-топ: "Оқушыларды психологиялық тұрғыда қолдау қажет пе? Қажет болса қандай ереже, қағиданы мұғалім ұстануы керек?" 7 ереже әдісі;
➡️ 5-топ: "Ата-анамен қарым-қатынас орнатуда қандай мүмкіндіктер мен қиыншылықтар болуы мүмкін?" +, - , ұсыныс әдісі.
🖥 Топтық жұмыс кезінде әр топ платформадағы бөлек аудиторияларда берілген тақырып бойынша пікір алмасып, берілген тапсырмаларды тез, әрі толық орындап, ұжым мүшелерімен креативті идеялармен әртүрлі форматта бөлісіп, кейін топтардың бірін-бірі бағалау жұмыстары onlinetestpad.com, wooclap.com, surveymonkey.com, simpoll.ru, survio.com технологияларын қолдану арқылы жүзеге асты.👏👍
🟡 Педагогикалық кеңестің екінші бөлімінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Нурекешова 2020-2021 оқу жылының 3-тоқсаны бойынша білім сапасын талдап, ескертулер айтса, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Л.С.Дюсенбаева 3-тоқсанда атқарылған әдістемелік жұмыстарға тоқталып, тоқсан бойынша мұғалімдер мен оқушылардың қол жеткізген жетістіктерін таныстырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Н.Мырзашева тоқсан бойынша өткен шаралармен таныстырып, тәрбие бағыты бойынша атқарылған жұмыстардың есебін берді. Өз кезегінде мектеп директоры Б.С.Тлекенова педагогикалық кеңесті қорытындылап,4-тоқсанға мұғалімдерге сәттілік тіледі. ✊✊✊✊✊