🔹2022-2023 оқу жылы қазан-желтоқсан айлары "Мектеп командасы: тиімді басқару" деген курстан өттік. Біліктілікті арттырудың бұл курсының ерекшелігі - командамен оқу болды: мектеп директоры, мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары және көшбасшы мұғалім. Оқу командамен болғандықтан жеңіл болды, 1 идеяға 2 идея қосылып, айтылған ойға ой қосылып, курстың белсенді тыңдаушылары болдық. 7 күн аудиториялық кезеңде алған білімімізді мектеп практикасына енгізіп, бір сыныппен керемет зерттеу жобаларын жүзеге асырдық.
🔹Бұл ретте үштік командасын пәнаралық байланысты нығайту үшін мектеп мұғалімдерінен құрдық, оқушыларды да солай топтастырдық.
Білім беру ұйымының ең құнды ресурсы - мұғалімдердің білімі. Дарынды мұғалімдерді командаға біріктіру арқылы білім алмасу, жаңа білім құру мүмкіндігі болатынына көзіміз жетті. Оқушыларға командалық жұмыс ұнады, бір мақсат, ұйымдастырушылық қызмет оларды біріктірді.
🔹Командалық жұмыстың бағыты әрі қарай әр буында түрлі жобаларды жүргізуге мүмкіндік берді. Жан-жақты біліммен қаруланған мұғалімдеріміз командалармен әр сыныпта «100 есеп», «100 оқиға», «100 кітап», «100 ертегі» т.б жобалармен жұмыстануда. Мұғалімдерде түрлі идеялар пайда болып, көздерінен шабыттанған ұстазды көрдік. Өздерін ұйымдастырушы, құрастырушы, көшбасшы сезінгендерін, өздерінің ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік бар екендігіне көздері жетті.
Алдағы оқу жылында да кез келген педагогикалық мәселені шешуде, тәжірибе алмасуда команда құру арқылы басқару жоспарланып отыр.
✍🏻 Мектеп директоры Б.Тлекенова, мектеп директорының ҒӘЖО Ш.Зулкашева, көшбасшы мұғалім Д.Нурмуханбетова