Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 2024-2025 оқу жылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Әділдік және жауапкершілік» құндылығын дәріптеу мақсатында Қазан - «Тәуелсіздік және отаншылдық» айының 31-і күні «Жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу» тақырыбында 1-11 сынып жетекшілеріне оқыту семинары өтті.
🟣Мақсаты:
-«Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту;
-жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;
-оқушыларды сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
🟣Мектеп психологы Айболат Ерболатұлы мектепішілік зорлық-зомбылықтың алдын алу, буллинг туралы ақпараттарын кеңейтуге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар ДТІЖО Құралай Хабибуллақызы буллингтің алдын алудың кейбір жағдаяттарды мысалға келтіріп, оның шешу жолдары туралы айтты.