📒 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 30 наурыз сағат 16:00-де пән бірлестіктері мен ұжым арасында "Жаңа кітаптар жаңалығы" атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
📕 "Оқуға құштар мектеп" жобасы негізінде көркем әдебиеттер тізімі 7 бағыт бойынша жүзеге аспақ, бұл кітаптар қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауhарлары, сонымен қатар қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары еніп, кітапхана жаңа кітаптармен толықты.
📙 Әдеби кеш мақсаты: Жаңадан келіп түскен әдебиеттерді таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.
🔷️ Пән бірлестіктері:
🙋♀️Бастауыш бірлестігі: "Әжемнің ертегілері";
🙋♂️Қазақ тілі бірлестігі: "Жабайы алма" Сайын Мұратбеков повесі;
🙋♀️Ағылшын тілі бірлестігі: "Мұқағали әндері";
🙋♂️Жаратылыстану бірлестегі: "Абай өлеңдері" ;
🙋♀️Технология бірлестігі: "Жолда қалған таяқ" Естай Мырзахметұлы әңгімелері.
🔶️ Әдеби кеш барысында бастауыш бірлестігі балалық шақты еске түсіріп, "Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай" ертегісін көрініс арқылы әдемі жеткізсе, қазақ тілі бірлестігі "Жабайы алма" повесін ReadX форматында талдап, көрерменге ұсынды. Ағылшын тілі бірлестігі Мұқағалидің әсем әнін шырқап, би билеп, ерекше әсер қалдырса, жаратылыстану бірлестігі Абай әлемін Абай атамыздың рөлін сомдау арқылы асқан актерлік шеберлікпен керемет өлең жолдарымен жүрекке жеткізе білді. Ал технология бірлестігі "Жолда қалған таяқ" шығармасын сурет арқылы ерекше бейнелеп, көркем баяндады. 👍👍👍
🔺️ Әр бірлестік шығармаларды жоғары деңгейде жарнамалап, көпшілікке әртүрлі форматта ұсынды. Барлық бірлестіктерге және ұйымдастырушы кітапхана ұжымына АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ!!! 👏👏👏
☝️Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей. Ендеше, кітап оқудан талмайық!.
Жауапты: Кітапхана ұжымы Құрманова А., Меңдіғұлова С.