🔰 Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны және 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында OPEN AIR бағдарламасы форматында «Ашық аспан астындағы мектеп кітапханалары» атты акция бастау алды.
📚Облыс, қала мектептерінің кітапханалары Жұбан саябағында, С.Датұлы алаңында, Н.Савичев, А.Пушкин тынымбақтары мен Жәңгір саябағы, Тұңғыш Президент алаңы, Жастар шығармашылығы орталығының, Зашаған кенті Көктем саябақтары, Деркөл саябағы, Чапаев алаңы, М.Мәметова атындағы алаңда және шағынаудандарда, мектеп аулаларында көрме ұйымдастырып, тұрғындарды кітап оқуға шақырды.