44 мектеп-гимназиясында "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" онкүндігінің аясында 5-сынып қыз балаларына арналған "Шаш - адамның ажары" атты шара өтті.
Шараның басты мақсаты: Қыз балалардың шаш жөніндегі білімдерін талдап қорыту, одан әрі таным деңгейін арттыру. Шаш күтіміне байланысты ұсыныс-кеңестермен таныстыру. Қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойларына сіңіру. "Бұрымды қыз" деген сөзге лайықты қыз баланы анықтап, марапаттау.
"Шашының ұзындығы ізін басқан", "Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген", "Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты" деген секілді қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген болатын, сол себепті шара барысында қыз балаларға шаш туралы мәліметтер көп берілді. Яғни шаш күтімі мен бас терісінің денсаулығы, шаштың түсіне байланысты пікірлер, шашқа байланысты әдет-ғұрыптар, тиым сөздер, шаш үлгісінің түрлері және т.б.
"Шаш өру - қазақ қызына тән әдептілік" демекші, шара негізінде кураторлар қыз баларға әр түрлі үлгідегі шаш өрімдерін жасады. Шара соңында "Бұрымды қыз" деген сөзге лайықты қыз балалар анықталып, марапатталды.
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін, деп Абай атамыз жырлағандай, қыз балалар жағымды қасиеттерді меңгерсе, арамызда ару да әсем, сұлу да көрікті, әдемі де ажарлы қыздар көп болса, біздің өміріміз мәнді, қызықты да шуақты болар еді.
#БҚО #44мектепгимназиясы #Оралқаласы #қызқылығыменсүйкімді #шашадамныңажары