🔰 Қазір технология дамыған заманда білім саласына өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр. Ұстаздар қауымына да тигізер пайдасы зор цифрлы сабақтар арқылы үздік іс-тәжірибелерден қажетін алу, қолдан көрнекі құралдар жасамай немесе көрнекіліктерін арқалап жүрмей-ақ, цифрлы білім берудің тиімділігін көруге болады.
🔰 Осы орайда Орал қаласының білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 24 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша (бастауыш, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиет, ағылшын тілі, тарих, биология, география, химия, физика, информатика, математика, дене шынықтыру, АӘжТД, көркем еңбек, графика және жобалау, музыка, өзін-өзі тану) 2021 жылдың ІІІ және ІV тоқсанға арналған цифрлық сабақ контенті «ҮЗДІК ЦИФРЛЫҚ САБАҚ» байқауы болып өтті.
🔰 Байқаудың мақсаты - қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін заманауи білім беру технологиялары мен әдістерін қолдана отырып, орта білім беру пәндері бойынша ең жақсы бейне сабақтарды таңдау, виртуалды білім кеңістігінде үздік бейне сабақтар банкін құру.
🔰 Байқау барысында мұғалімдер өздеріне ыңғайлы программаны немесе қосымшаны таңдау арқылы сабақтың мақсатын, міндеттерін белгілей отырып, оқу материалын түсіндіруі немесе алдыңғы сабақтарда қамтылған материалдарды топтастыруы, берілген білімдерін бекіту үшін оқу тапсырмалары, кері байланыс, өздік жұмыстар реттілігін сақтаған.
🔰 "ҮЗДІК ЦИФРЛЫҚ САБАҚ" байқауында оқыту әдістері мен тәсілдерін жаңартып қана қоймай, қашықтан сапалы білім беруге деген мүмкіндіктерін тиімді пайдалған Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының ұстаздарының еңбегі қазылар алқасының шешімімен бағаланып, қорытындыланды:
🔰БАС ЖҮЛДЕ - география пәні мұғалімі Апакаева В.Т.;
🔰БАС ЖҮЛДЕ - өзін-өзі тану пәні мұғалімі Баян А.Е.;
🔰БАС ЖҮЛДЕ - химия пәні мұғалімі Кабылкайрова Г.А.;
🔰1-ОРЫН - география пәні мұғалімі Ризуанова К.Е.;
🔰1-ОРЫН - орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Батыргалиева Д.Е.;
🔰1-ОРЫН - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жардемова А.М.;
🔰1-ОРЫН - бастауыш сынып мұғалімі Табылдиева А.;
🔰2-ОРЫН - информатика пәні мұғалімі Кинешов А.С.;
🔰2-ОРЫН - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Темирбаева Қ.Х.;
🔰2-ОРЫН - математика пәні мұғалімі Азаматова Р.А.;
🔰3-ОРЫН - биология пәні мұғалімі Исмагулова Д.М.;
🔰3-ОРЫН - ағылшын тілі пәні мұғалімі Салауатова Д.Д.;
🔰АЛҒЫС ХАТ - АӘД пәні мұғалімі Уразов Қ.Ш.;
🔰АЛҒЫС ХАТ - биология пәні мұғалімі Имангалиева А.Т.;
🔰АЛҒЫС ХАТ - көркем еңбек пәні мұғалімі Надирова Д.Ж;
🔰АЛҒЫС ХАТ - биология пәні мұғалімі Шиганбаев Е.Ө.;
🔰АЛҒЫС ХАТ - ағылшын тілі пәні мұғалімі Утепова Е.К.;
🔰АЛҒЫС ХАТ - өзін-өзі тану пәні мұғалімі Джуламанова Б.Э.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 👍👍👍👏👏👏👏Сіздерге жарқын жетістіктер, ұрпақ тәрбиелеу жолындағы ерен еңбектеріңізге толайым табыстар тілейміз!!! Ұстаздық жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!!!
Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының ұстаздары мен шәкірттері ТЕК АЛҒА БАСА БЕРСІН!!! 🤗🤗🤗