Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында мектепішілік «АБАЙ оқулары» дәстүрлі (онлайн) байқауы өтеді.
⭐ Мақсаттары мен міндеттері:
- Қазақ халқының бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау. Ұлы Абайдың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпақтың санасында жаңғырту және тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастыру, жас таланттарды анықтау.
- Абайды тану, оның шығармаларын меңгеру арқылы өмірде өз қажетіне сай оқып-үйрену, Абай тереңіне үңіле білу-бүгінгі ел болашағының міндеті. Әр адамның іздегенін табатын, оны өміріне тірек ете алатын, бағыт-бағдарын айқындай алатын қуат күші де осы Абай шығармаларында екенін мойындау.
⭐ Абай оқуларының шарттары
1. «Сәулең болса кеудеңде,
Мына сөзге көңіл бөл...» айдарында оқушы ақынның бір қара сөзін жатқа оқиды (оқу мәнері ескеріледі 9-10 сынып 5-10 ұпай).
2. «Білімдіден шыққан сөз» айдарында үміткерлер Абайдың бірнеше өлеңдерін жатқа толық білуі керек (өлеңдер саны, дикциясы ескеріледі), (5-8 сынып 5-10 ұпай).
3. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарында да үміткерлер Абайдың бірнеше өлеңдерін жатқа толық білуі керек (өлеңдер саны, дикциясы ескеріледі) (1-4 сынып 5-10 ұпай).
⭐ Қазылар алқасының мүшелері:
1. Темирбаева К.Х.- төрайымы ДТІЖО
2. Шахина Л.Ғ
3. Сейтимова Л.Ғ.
4. Қуанғалиева Г.М.
5. Шамбилова.Ж.У.
6. Мухангалиева Г.Б.
7. Аминова С.Б
8. Жардемова А.М.
9. Искалиева Ж.
⭐ Абай оқуларының жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша мектепішілік І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы @edu_news_qz @bqobilim @batys_kz @uralskakimat @oral_bilim @abat_shynybekov @oral_ovp @up_uralsk