"Дінмұхамед Қонаев атындағы
№44
мектеп-гимназиясы" КММ

    

Мәзір

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 109 жыл

Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 109 жыл толып отыр.
Осы орайда Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 1-11 сыныптарда ашық тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушыларға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен қызметіне байланысты мәліметтер берілді.
? Дінмұхамед Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.
Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
? 1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
? Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.
? 1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.
? Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.
? Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды.
? Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазды.
? Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.
? Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғытамыздың 22-сінде, 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
#Оралқаласы #44мектепгимназиясы #ДАҚонаеватамызға109жыл @edu_news_qz @bqobilim @batys_kz @uralskakimat @oral_bilim  @abat_shynybekov @oral_ovp @up_uralsk

 

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Менің блогыма
қош келдіңіздер!

Блогқа өту

Администрация

Акдаулетова Кымбат Хабибулловна

12-03-2019 Hits:180869 Администрация Super User

Акдаулетова Кымбат Хабибулловна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:186057 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
Директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Нургазиев Артур Нурболатович

12-03-2019 Hits:97959 Администрация editors

Нургазиев Артур Нурболатович 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Мамыр Абай Рахматуллаевич

15-03-2021 Hits:167389 Администрация editors

Мамыр Абай Рахматуллаевич
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2022 Hits:96183 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:189506 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:97961 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:96249 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Койшиева Молдир Дулатовна

24-04-2026 Hits:8700 Администрация editors

Койшиева Молдир Дулатовна

Директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

Read more

Мектеп формасы

Разработчик Torus.kz