Бүгін – Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлінің дүниеге келгеніне 86 жыл. “Қазақ жырының Қадыры” атанған ақын Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты кентінде дүниеге келген.
🙋♂️ Бала кезінде жетім қалған Қадыр кедейліктің тауқыметін көріп өсті. Балалық шағынан бастап кітаптарға қызығушылық танытып, Жымпиты аудандық кітапханасының тұрақты оқырманы болды. Тіпті, кітапханадағы барлық кітаптарды қайта оқып шығып, көркем әдеби шығармалардың жаңа басылымдарын асыға күтетін.
🎧 Қадыр алғаш рет өлең жазуды алтыншы сыныпта оқығанында, 11 жасында болатын. Әкесі қайтыс болғаннан кейін бала Қадыр интернатқа жіберіледі. Онда ол достар туралы, олардың кемшіліктері туралы жаза бастайды. 1954 жылы жас ақын өлеңдерін республикалық «Пионер» журналында жариялап, біртіндеп таныла бастады.
ҚазҰУ-нің филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылдары “Балдырған” журналында әдеби қызметкер, “Жұлдыз” журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, “Жазушы” баспасында поэзия редакиясының меңгерушісі, Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі, “Балауса” баспасының редакторы қызметтерін атқарды.
🎲 Қадыр ақынды тану – қазақты тану. Өз халқыңды сүю өзгені мансұқтау емес, өз ұлтыңды ұлықтау. Ақын Күләш Ахметованың сөзімен айтсақ: «Қадыр Мырза Әлі – ұлт ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі, түйсігі мың қатпар, қалтарысты, астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын, рухын, ар-ұятын, үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінін-мінін, қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын».
Қадыр Мырза Әлі – ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының жан-жақты өсіп, өркендеуіне, кемелденуіне, болашақ ұрпақтың ұлттық рухын қалыптастыруда зор еңбек сіңірген ақын. Қазақ халқының өмірін көркем бейнелеген ақынның поэзиясы қай кезде де мәнді, өміршең.
Осы орайда Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының оқушылары Қадыр Мырза Әлінің туған күніне арнап, өлеңдерін оқиды.
#Оралқаласы #44мектепгимназиясы @edu_news_qz @bqobilim @batys_kz @uralskakimat @oral_bilim @abat_shynybekov @oral_ovp @up_uralsk