Орал қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен ақиық ақын, мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі аты аңызға айналған тұлға Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын насихаттауға арналған «Сәкен – сұңқар, Сәкен – сән, Сәкен - аңыз» атты дәстүрлі қалалық Сәкен оқулары онлайн байқауы өтті. ?
Байқауда 38 үміткер арасынан Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының 6 "А" сынып оқушысы Сағындық Шұғыла оза шауып, БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды. ??
?Байқауға Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Р.О. Зайнуллина, Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының қызметкері, айтыскер-ақын О.Н.Меңдіқұлов және Орал гуманитарлық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Ә.М. Мукатаева қазылық етіп, марапат иелерін естелік сыйлықтармен марапаттады. ?
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Темирбаева Қ.Х.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы @bqobilim @batys_kz @uralskakimat @edu_news_qz @oral_bilim @abat_shynybekov @oral_ovp @up_uralsk














