"Дінмұхамед Қонаев атындағы
№44
мектеп-гимназиясы" КММ

    

Мәзір

Отбасы күні құтты болсын!

Отбасы - адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.

Ата-ананың жүріс-тұрысы, сөйлегені, іс-әрекеттерінің барлығы бала үшін үлгі. Осы негізде бала алдында ата-ана өте байсалды, сабырлы болып, жақсы тәрбие көрсетуі керек. Мәселен, Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады» - деп атап өтеді.

Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: "Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер" дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өз басқару жүйесі әртүрлі болады. Осы сияқты әр отбасының өз тактикасы, басқару жүйесі болады. Ұрпақтың ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасатыны белгілі. Жанұя – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Жанұя – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Жанұяның әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. "Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ" деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған.

Әкенің «батырым», шешенің «құлыным» деген сөзін естіген балада жақсы сезім туатыны белгілі. Ғ.Мустафинның «Ата- ананың міндеті - тәрбиелеу және жақсылықты үйрету» деген сөзінде көп тәрбие жатыр. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Өнеглі ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың арманы және борышы екені даусыз. Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болғай.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы @bqobilim @batys_kz @uralskakimat @edu_news_qz @oral_bilim @abat_shynybekov @oral_ovp @up_uralsk

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Тлекенова Бибігүл Саурқызы

Менің блогыма
қош келдіңіздер!

Блогқа өту

Администрация

Зулкашева Шынар Мулкаевна

12-03-2019 Hits:131701 Администрация Super User

Зулкашева Шынар Мулкаевна
Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Read more

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

12-03-2019 Hits:129660 Администрация Super User

Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы

12-03-2019 Hits:130797 Администрация Super User

Темирбаева Құралай Хабибуллақызы
директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы

12-03-2019 Hits:38928 Администрация editors

Өмірзақ Гүлнұр Жанатқызы 
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Закиева Гулдана Умирзаковна

15-03-2021 Hits:119542 Администрация editors

Закиева Гулдана Умирзаковна
Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары

Read more

Баян Айболат Ерболатұлы

27-09-2023 Hits:132045 Администрация Super User

Баян Айболат Ерболатұлы
мектеп психологы

Read more

Сәрсенова Г.С.

29-09-2023 Hits:39364 Администрация editors

Сәрсенова Гауһар Сатыбалдықызы
мектеп психологы

Read more

Оралбаева Айшолпан Умарқызы

29-09-2023 Hits:38635 Администрация editors

Оралбаева Айшолпан Умарқызы
Тәлімгер

 

Read more

Байдашева Нургул Болатовна

29-09-2023 Hits:39409 Администрация editors

Байдашева Нургул Болатовна
директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Апакаева Венера Турегелдиевна

02-10-2023 Hits:39056 Администрация editors

Апакаева Венера Турегелдиевна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Read more

Токсанова Гулмира Мурзатаевна

02-10-2023 Hits:38838 Администрация editors

Токсанова Гулмира Мурзатаевна
педагог- психолог

Read more

Мектеп формасы

Разработчик Torus.kz