Ағымдағы жылдың 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен өткізіледі.
Науқанды өткізудің мақсаты - қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.
Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен БАҚ-тың бала еңбегін пайдалануды алдын алу және болдырмау мәселелерінде серіктестік пен ынтымақтастықты дамытуға себеп болады.
Бала еңбегінің нашар түрлеріне тартылған жағдайда, балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетуді алдын алу үшін Орал қаласының білім беру бөлімінің – 8 (7112) 50-86-47 сенім телефонына хабарласа аласыздар.