Қазіргі уақытта облыс аумағында кәмелетке толмаған балаларға қатысты кәріз құбыры, септик, құдықтардың қақпағы (люктер) ашық қалып балалардың абайсызда түсіп кетуі; балалардың ойын алаңындағы құрылыстардың оқыс сынып, зақым алуы; балалардың терезеден, төбеден құлап зақым алуы; балалар аттракционын (батут) қолдану кезінде күшті желдің әсерінен батуттардың аударылуы және т.б. сияқты төтенше жағдайлардың орын алу ықтималдылығын төмендету мақсатында, және Төтенше жағдайлар департаментінің ескертпелеріне сәйкес:
- балаларға тыста жүргенде ата-аналардың қадағалауын күшейту;
- судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды;
- тұрғындарға септик, құдықтардың ашық қалмауын ескерту;
- тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қызметтеріне, теңгерімдегі барлық кәріз құбыры құдықтарының қақпақтарын (люктерін) түгендеу жүргізіп, тексеріп шығу;
- ауыл әкімдері, пәтер иелері копперативінің төрағалары мен саябақтағы жауапты тұлғаларға өз учаскілеріндегі балалардың ойын алаңындағы құрылыстардың беріктігін, ағаштардың жағдайын тексеріп, олқылықтарды қалпына келтіруді, шіріген, құлау қаупі бар ағаштарды кесу;
- пәтер иелері копперативінің төрағалары көп қабатты тұрғын үйлердегі пәтер иелеріне балалардың терезеден құлау қаупін ескерту, шатырға шығатын есіктерді құлыптау;
- мектепке дейінгі мекемелердегі және барлық оқу орындарындағы ойын, спорт алаңдарындағы құрылыстардың, терезелердің, шатырға шығу есіктерінің беріктігін және ағаштардың жағдайын тексеруді, олқылықтар анықталған кезде шұғыл шара қабылдау;
- балалар аттракционындарын, саябақтағы ойын-сауық құралдарының техникалық жағдайын тексеріп, қауіпсіздік ережелерін қатаң талап ету.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы #бізбіргеміз @edu_news_qz @oral_bilim @up_uralsk @batysqaz_tjd @uchs_uralsk @batys_kz @uralskakimat @edu_news_qz @abat_shynybekov @bqobilim