Бүгінде әлеуметтік желілердегі танымалдылығы жоғары бала психологиясына кері әсер ететін зорлық-зомбылықты насихаттау, экстремизм, агрессия, кибербуллинг сияқты виртуалды ойындар еркін қолданыста. Бұл психикасы әлі толық қалыптаспаған жасөспірімдерге теріс ақпараттың ықпалына түсуі әбден мүмкін. Осыған байланысты, әлеуметтік желілер арқылы балаларға кері әсер ететін қауымдастықтары бойынша балалардың қауіпсіздігін қорғау шараларын бірігіп қолға алуымыз керек.
Өз балаларыңыздың ғаламтор желісінде еркін жүзуіне жол бермеңіздер: Ғаламторға қол жеткізуді бақылау қажет, тыйым салынған сайттарға шығуды, экстремизм, деструктивті діни ағымдар, құмар ойындар, нашақорлық және т.б. насихаттаушы қауіпті ресурстарды шектеу керек.
Құрметті ата – аналар, тыйым салынған сайттарды пайдалануды шектеу мен тыйым салу бойынша шараларды іске асырыңыз, жеке компьютерлерге, ноутбуктерге, планшеттер мен смартфондарға «Ата – ана бақылауы» сервисін қоюға кеңес береміз.
Балаларыңыздың келеңсіз ақпараттарды әлеуметтік желілер арқылы таратуға тыйым салыңыз және оның арты әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа жеткізетіндігін қаперіне беріңіздер.
• ҚР Қылмыстық кодексінің (2014 жылғы 3 шілдедегі №226-V) 174 және 256 баптары
• Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Заңының 134, 156-1, 65, 453 баптары.
• Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңының 39, 40-1 баптары бойынша жауапқа тартылуыңыз мүмкін.
Сондықтан құқықтық сауатты бола жүріп, балалардың әлеуметтік желілердегі зиянды ақпараттан қорғай жүрейік!