Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында 2025-2026 оқу жылында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы Сәуір «Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік» құндылығын дәріптеу мақсатында БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКК педагогы Галимгалиева Бахытгул Бурамбаевна, эпидемиолог дәрігердің көмекшісі Баймуханова Ляззат Темирбековна «Адам денсаулығы – өмір сапасының айнасы. АИТВ инфекциясы туралы не білеміз?» тақырыбында 10-cынып оқушыларына дәріс оқылды.
Мақсаты:
- оқушылардың АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Оқушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары туралы мәлімет бере отырып, олардың денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру және жауапты мінез-құлыққа баулу жұмыстары жүргізілді. Жадынамалар таратылып, презентация мен бейнероликтер көрсету арқылы толық ақпарат берілді.














