Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 27-28 сәуір аралығында 1-10 сынып оқушылары арасында Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай «Бақыт гүлін терген күн» атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтеді.
Байқау мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүюге баулу. Туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабамыздың, батырлардың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі өнеге тұтуға үйрету.
Байқаудың өткізу тәртібі мен шарттары:
1. Байқауға әр сыныптан 1 оқушыдан қатыса алады.
2. Байқауға қатысушы әр үміткер соғыс тақырыбында жатқа өлең оқиды.
3. 1-4 сынып оқушылары 2-3 шумақ;
5-8 сынып оқушылары 3-4 шумақ;
9-10 сынып оқушылары 4-5 шумақтан тұратын өлең жаттайды.
4. Жаттаған өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып, видеоға түсіріп жібереді.
5. Видеоға түсіру барысында, өлең оқылардың алдында оқушы аты-жөнін, сыныбын, өлеңнің тақырыбын айтып өтуі керек.
6. Видеотүсірілімдерді кураторлар жинап алып, жауапты мұғалімдерге тапсырады.
Жауапты мұғалімдер:
1-сынып - Сейтимова Л.Ғ
2-сынып - Талапова А.Қ
3-сынып – Жардемова А
4-сынып -Темирбаева Қ.Х
5-сынып - Аминова С
6-сынып - Шамбилова Ж.Ө
7-сынып - Ғ Амангельдиева Г.Қ
8-сынып - Шахина Л.
9-сынып - Қуангалиева Г.М
10-сынып - Мухангалиева Г.Б
Қатысушылар жүлделі орындармен және алғыс хаттармен марапатталады.