Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында 2025-2026 оқу жылында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде Қаңтар «Заң мен тәртіп» құндылығын дәріптеу мақсатында 10 - сынып оқушыларымен “Қаржы сақшысы” ойыны өткізілді.
«Қаржы сақшысы» ойынының мақсаты:
қатысушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақша қаражатын дұрыс басқару дағдыларын қалыптастыру және күнделікті өмірде саналы қаржылық шешім қабылдауға үйрету. Ойын барысында:
• кіріс пен шығысты жоспарлауды;
• жинақтаудың маңызын түсінуді;
• қаржылық тәуекелдерді бағалауды;
• адал еңбек пен жауапкершіліктің рөлін сезінуді үйренеді. Бұл ойын – ойын түрінде ақшаны қорғауды, көбейтуді және тиімді пайдалануды үйрететін пайдалы құрал.















