Д. Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы «Шабыт» жобасы аясында, 7-сыныптар арасында дәстүрлі «Әзілі жарасқан әлем» атты КТА ойыны өтті.
Мақсаты: оқушылар бойында тапқырлық, шапшаң ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, топтық жұмысқа баулу, сахна мәдениетін бойларына сіңіру. I кезеңде әр сынып мектеп парламенті мүшелерінің бақылауымен дайындаған әзілдерін көрермендер мен әділ қазылар алдында көрсеткен болса, II кезеңде кез-келген әріпке сахнада тосыннан әзіл ойлап, ойнату керек болды.
Әділ қазылар мүшелерінің әділ шешімімен:
ГРАН ПРИ 7 «Д»
I орын 7 «Ә»
II орын 7 «В»
III орын 7 «А»
Алғыс хатпен 7 «Б», 7 «Г», 7 «Ғ», 7 «Е» сыныптары марапатталды.














