Шараның негізгі мақсаты – балалардың қысқы демалыс уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шара барысында балаларға жас ерекшеліктеріне сай ертегілер, шытырман оқиғалы шығармалар, танымдық және тәрбиелік мәні бар кітаптар ұсынылды. Оқырмандар оқыған шығармалары бойынша өз ойларын ортаға салып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талқылап, сурет салып, шағын шығармашылық тапсырмалар орындады.














