Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 1-11 сыныптар арасында «Бақыт отбасынан басталады» атты мектепішілік бейне интернет-жобасының конкурсы ұйымдастырылады.
Интернет-жоба мақсаты:
- отбасылық қатынастардың оң тәжірибесін тарату;
- жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту;
- қазіргі отбасы бейнесін қалыптастыру үшін жағдай жасау, отбасының рөлі мен маңыздылығын арттыру.
Интернет-жоба қатысушылары:
Кәмілетке толмаған балалары бар отбасылар. Конкурсқа 1 отбасы 1-3 номинация бойынша қатыса алады.
Интернет-жобаға мына номинациялар бойынша қатысуға болады:
1-номинация: «Менің отбасым – еріктілердің тату отбасы»;
2-номинация: «Менің отбасым шығармашылық және өнер әлемінде»;
3-номинация: «Менің отбасым – көптілді отбасы» ;
4-номинация: «Менің отбасымда-спорт пен ұлттық ойындардың мәдениеті»;
5-номинация: «Біздің отбасымызда барлығы шебер»;
6-номинация: «Менің отбасым кітаптар әлемінде»;
7-номинация: «Менің отбасымның ән ұраны, таңбасы, салт-дәстүрлері және реликвиялары».
Жобаны дайындау ұзақтығы: 3 минут болатын бейнеролик-презентация.
Жобаны бағалау критерийлері: мазмұндылығы, креативтілігі, отбасылық құндылықтарды көрсету.
Интернет-жобаға қатысушы отбасылар жүлделі орындармен және алғыс хаттармен марапатталады. Байқау жеңімпазы қалалық байқауға жолданады.
Жауапты: Әлеуметтік педагог Айтжан Б.Т.
#БҚО #Оралқаласы #44мектепгимназиясы #бізбіргеміз #бізүйдеміз @edu_news_qz @bqobilim @up_uralsk @uralskakimat @abat_shynybekov #batyskz