Д.Қонаев атындағы №44 мектеп – гимназиясының 2025-2026 оқу жылында Қараша - «Әділдік пен жауапкершілік» айының 24-і күні 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруге байланысты Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Сағын А.Қ оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: 11- сынып түлектеріне мамандық түрлерімен таныстыра отырып мектеппен байланысты орнату, оқушылардың дұрыс мамандық таңдауына жол көрсету.
Кездесу барысында: Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Батыс Қазақстан Обылысы бойынша Сағын А.Қ оқушыларға оқуға түсушілер үшін барлық мүмкіндіктер туралы ақпараттар берілді. ҰБТ тестілеу нәтижесі бойынша шектік баллдар айтылды. Оқушылармен кері байланыс орнатылды.














